Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Заң мен тәртіптің» тағы бір маңызды қыры – қоғамдық қауіпсіздік

«Заң мен тәртіптің» тағы бір маңызды қыры – қоғамдық қауіпсіздік

23 қаралым

Қауіпсіз орта өздігінен қалыптаспайды. Ол құқық қорғау органдарының кәсіби қызметімен қатар, тұрғындардың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының нәтижесінде орнығады.

Қоғамдық орындардағы тәртіп, жол қауіпсіздігі, отбасылық жанжалдың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі, интернеттегі алаяқтықтан сақтану, есірткі мен зиянды әдеттердің алдын алу мұның бәрі ортақ назарды қажет ететін мәселелер.

Әсіресе қазіргі ақпараттық технологиялар дәуірінде құқықтық сауаттылықтың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Интернет кеңістігінде жалған ақпаратқа, алаяқтыққа, заңсыз контентке тап болу қаупі бар. Сондықтан әр азамат өзінің цифрлық қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарауы қажет.

Қауіпсіздік тек «біреу қорғауы тиіс» деген түсінікпен шектелмеуі керек. Қауіпсіздік әр адамның өзінен басталатын ортақ құндылық.

 Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы