Әлеуметтік желіде немесе мессенджерде бейтаныс аккаунттан жұмыс туралы ұсыныс келеді. Тапсырмасы оңай, ақысы жақсы. Бір қарағанда, қарапайым табыс көзі сияқты. Бірақ оның ар жағында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар қылмыстық схема тұруы мүмкін.
Есірткі қылмысына қарсы күресте заңсыз заттарды таратушыларды анықтаумен қатар, жастарды осындай әрекеттерге тартудың алдын алу да маңызды.
Қылмыстық топтар көбіне жастардың ақша табуға деген қажеттілігін пайдаланады. «Тек хабарламаны жеткіз», «тек сурет жібер», «ешкім білмейді» деген сөздер адамның жауапкершіліктен құтылатынын білдірмейді.
Есірткіге қатысты заңсыз әрекетке араласудың салдары өте ауыр болуы мүмкін. Бір сәттік қызығушылық адамның оқуына, жұмысына, отбасына және болашағына әсер ететін үлкен мәселеге айналады.
Сондықтан күмәнді ұсыныстан бас тарту – қорқақтық емес. Бұл өз болашағыңа жауапкершілікпен қарау.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ