Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, оқуына, жұмысына және болашағына кері әсер етеді. Көбіне қауіпті әдетке қызығушылық пен жалған достықтың жетегінде кеткен жастар тап болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының ортасына, қызығушылығына және бос уақытын қалай өткізетініне көңіл бөлуі керек. Балқаш ауданында жастарға зиянды әдеттердің алдын алу бойынша түрлі профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып келеді. Салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – есірткі қылмысының алдын алудың маңызды жолдарының бірі.
Алтынай СЕЙІТКЕН