Перейти к содержимому

Жастарға дұрыс бағыт керек

6 қаралым

Жасөспірім кезеңінде адам қоршаған ортаның ықпалына тез берілуі мүмкін. Сондықтан ата-ана, ұстаз және қоғам жастарға дұрыс бағыт көрсетуі қажет. Есірткінің зияны туралы ашық әрі түсінікті ақпарат беру – алдын алудың тиімді жолы. Жастар өз денсаулығына қауіп төндіретін ұсыныстардан бас тарта білуі тиіс. Нағыз батылдық – теріс әрекетке ермеу. Саналы ұрпақ қана елдің болашағын нығайтады.

Ерзат АСЫЛ