Жол қауіпсіздігі тек жүргізушіге байланысты емес. Жаяу жүргіншілер де жол қозғалысының толыққанды қатысушысы саналады. Жолды арнайы өткелден және бағдаршамның рұқсат беретін белгісі кезінде кесіп өту қажет. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану қауіпсіздікті арттырады. Өз өміріңе жауапкершілікпен қарау – жолдағы ең маңызды ереже.
Алтынай СЕЙІТКЕН