Жол қозғалысы ережелерінің әрқайсысының артында адам өмірінің қауіпсіздігі тұр. Бағдаршамға бағыну, жаяу жүргіншіге жол беру және жылдамдықты сақтау – жүргізушінің күнделікті міндеті. Ережені «жол бос болғандықтан» бұзу қауіпті. Күтпеген жағдайда жолдағы жағдай бір секундта өзгеруі мүмкін. Сондықтан тәртіпті тек полиция бақылаған кезде емес, әрдайым сақтау қажет.
Құралбек СӘБИТОВ