Жол қауіпсіздігі туралы айтқанда, мәселе тек жол белгілері мен айыппұлда емес. Рөлдегі адамның бір сәттік шешімі бір отбасының тағдырына әсер етуі мүмкін.
Алматы облысының автожолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін көлік қозғалысы қарқынды әрі апат қаупі жоғары учаскелер бақылауда. Полиция мұндай орындарда дрондарды да пайдаланып, жол ережесін өрескел бұзуды анықтауды күшейткен.
Жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, мас күйде көлік жүргізу немесе телефонға алаңдау – жүргізуші үшін бірнеше секундтық әрекет болуы мүмкін. Бірақ оның салдары бірнеше адамның өмірін өзгертуі ықтимал.
Сондықтан жолдағы тәртіп – полициядан қорқу емес, өз өмірің мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарау.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ