Көлік жүргізу кезінде әрбір әрекеттің салмағы бар. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, телефонға алаңдау немесе жол белгісін елемеу апатқа әкелуі мүмкін. Жүргізуші жол жағдайын үнемі бақылап отыруы қажет. Жаяу жүргінші де өз кезегінде жолдан белгіленбеген жерден өтпеуге тиіс. Балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін ерте жастан түсіндіру маңызды. Көлік ішінде қауіпсіздік белдігін тағу да қарапайым, бірақ қажетті талаптардың бірі. Ауа райы нашарлаған кезде жүргізушілер аса мұқият болғаны жөн. Жолда асығыстыққа салыну ешқашан уақыт үнемдеудің дұрыс жолы емес. Бір адамның ережені бұзуы басқа адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жолдағы тәртіпке әркім өзінен бастап жауап бергені дұрыс.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ