Перейти к содержимому

Жолдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік

9 қаралым

Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты маңызды мәселе. Жүргізушінің жол ережесін сақтауы, жылдамдықты асырмауы және көлік басқару кезінде телефонға алаңдамауы қайғылы жағдайлардың алдын алады. Әсіресе елді мекендердегі жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізушілер аса сақ болуы қажет. Балқаш ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Жолдағы тәртіп тек полицияның емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың ортақ міндеті. Әр адам өз жауапкершілігін сезінгенде ғана жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады.

Алтынай СЕЙІТКЕН