Перейти к содержимому

Алаяққа алданбаудың амалы – асықпау

28 қаралым

Телефон арқылы хабарласқан алаяқтар адамды қорқытып немесе асықтырып, ақша аудартуға тырысады. Қарасай ауданындағы тұрғындардан банк картасының деректері мен SMS-кодтарын бөгде адамға бермеу сұралады. «Ақшаңызға қауіп төніп тұр» деген қоңырауға бірден сенудің қажеті жоқ. Банкке қатысты мәселе болса, ресми байланыс нөміріне өзіңіз хабарласқан дұрыс. Интернеттегі тым тиімді ұсыныстарды да алдын ала тексеру қажет. Бір сәт ойланып, ақпаратты нақтылау қаржылық шығыннан сақтайды.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ