Конституцияны құрметтеу тек мерекелік күндермен немесе ресми іс-шаралармен шектелмеуі керек. Ата Заңның қағидаттары әр азаматтың күнделікті өмірінде көрініс табуы маңызды. Заң талаптарын сақтау, өзгенің құқықтарын құрметтеу және қоғамдық тәртіпті бұзбау – Конституцияға деген құрметтің нақты көрінісі. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды негіздерді қамтиды. Мемлекеттік органдар да өз қызметінде конституциялық қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс. Ал азаматтар өз құқықтарын заңды жолмен қорғау тетіктерін білуі қажет. Қоғам мүшелері құқық пен міндеттің арақатынасын түсінгенде ғана заң үстемдігі берік орнығады. Сондықтан Ата Заңды құрметтеу – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік.
Өз тілшіміз