Мемлекеттің басты байлығы – оның халқы және әр азаматтың құқығы мен бостандығы. Конституция адамды, оның өмірін, қадір-қасиетін және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған негізгі құқықтық кепілдіктерді белгілейді. Жаңа Конституция азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастарды одан әрі жетілдіруге негіз болады. Қоғамда әр адамның өз пікірін білдіруге, білім алуға, еңбек етуге және заң шеңберінде еркін әрекет етуге мүмкіндігі болуы маңызды. Өз құқығын білетін азамат заңсыз әрекеттерге бейжай қарамайды. Ол қажет жағдайда құқықтық тетіктерді пайдаланып, өз мүддесін заң аясында қорғай алады. Азаматтардың құқықтық белсенділігі қоғамдық жауапкершіліктің қалыптасуына әсер етеді. Құқық пен еркіндікке құрмет орнаған жерде әділетті қоғамның негізі беки түседі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ