Есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдарының тұрақты назарында. Дегенмен оның алдын алуда қоғамның қолдауы да қажет. Тұрғындар күмәнді жағдайларға немқұрайлы қарамай, заң аясында тиісті органдарға хабарлай алады. Жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Отбасыдағы сенімді қарым-қатынас та профилактиканың маңызды бөлігі. Бала өз мәселесін ата-анасына еркін айта алатын ортада тәрбиеленуі керек. Қоғамдық бақылау мен құқықтық сауаттылық заңсыз әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Есірткіге қарсы орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ