Перейти к содержимому

Ішімдіксіз орта – берекелі отбасы

9 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның өзіне ғана емес, отбасы мен қоғамға да кері әсер етуі мүмкін. Ішімдікке байланысты жанжалдар тұрмыстық құқық бұзушылықтарға әкелетін факторлардың бірі болып саналады. Сондықтан алкогольді жауапсыз тұтынудың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға отбасы, мектеп және қоғам бірлесе атсалысқаны жөн. Ішімдіксіз орта – балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсуіне мүмкіндік береді.