Перейти к содержимому

Ішімдіксіз орта – жарқын болашақ

16 қаралым

Қауіпсіз ауыл мен жайлы елді мекен қалыптастыру үшін тұрғындардың ортақ жауапкершілігі қажет. Ішімдікке тәуелділіктің алдын алу үшін түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейткен жөн. Бұл ретте жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға басымдық берілуі тиіс. Спорт алаңдары, мәдени іс-шаралар мен қоғамдық бастамалар тұрғындарды пайдалы ортаға біріктіреді. Ата-аналар да балаларының ортасына және бос уақытына назар аударғаны дұрыс. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың түсіндіру жұмыстары маңызды рөл атқарады. Әр тұрғын қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қоса алады. Ішімдіксіз орта – салауатты әрі қауіпсіз болашаққа жасалған қадам.

Ерзат АСЫЛ