Перейти к содержимому

Қауіпсіз қоғам құру маңызды

17 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның мінез-құлқы мен шешім қабылдауына кері ықпал етуі мүмкін. Мұндай жағдай отбасындағы жанжалдың туындауына және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы ықтимал. Сондықтан ішімдіктің алдын алу – тек медицина немесе құқық қорғау саласының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ата-ана баласына дұрыс үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтының құндылығын түсіндіруі қажет. Жастарды спортқа, өнерге және қоғамдық жұмыстарға тарту да маңызды. Құқықтық түсіндіру шаралары азаматтардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Әр адам өз әрекетінің салдарын түсініп, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тартқаны жөн. Салауатты орта қалыптастыру арқылы қауіпсіз қоғам құруға болады.

Ерзат АСЫЛ