Перейти к содержимому

Қоғамдық орында жанжалға жол берме!

12 қаралым

Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады. Бір қарағанда қарапайым көрінетін тәртіп ережелерін сақтау көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алады. Отбасында балаға заңды құрметтеуді үйрету, мектепте құқықтық мәдениетті қалыптастыру – болашақ қауіпсіз қоғамның берік негізі. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жанжалға жол бермеу және құқық бұзушылыққа бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, халық та бұл бағытта белсенділік танытуы қажет. Кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу оны кейін жазалаудан әлдеқайда тиімді. Сондықтан тәртіпке бағыну – шектеу емес, адамның және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды қағида.

Алтынай СЕЙІТКЕН