Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Конституция – әділетті қоғамға бастар жол

Конституция – әділетті қоғамға бастар жол

14 қаралым

Әділетті қоғамның негізінде заңның баршаға бірдей қолданылуы және азаматтардың құқықтарының қорғалуы жатыр. Конституция осы қағидаттарды қамтамасыз ететін мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі болып табылады. Жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын жетілдіруге бағытталған нормалардың маңызын арттырады. Заң алдында бәрінің тең болуы қоғамдық сенімді қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі. Әр азамат өз міндетін орындап, өзгенің құқығын бұзбауға жауапты. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен азаматтардың құқықтық сауаттылығы да осы үдерісте маңызды рөл атқарады. Конституция қағидаттары күнделікті өмірде нақты орындалғанда ғана құқықтық мемлекет құру мақсаты жүзеге асады. Сондықтан заңды білу, сақтау және құрметтеу – әділетті қоғам қалыптастырудың ортақ негізі.

Өз тілшіміз