Перейти к содержимому

Конституция және қоғамдық келісім

9 қаралым

Тұрақты қоғам құру үшін азаматтардың өзара құрметі мен келісімі қажет. Конституция мемлекет пен қоғам өміріндегі ортақ құқықтық қағидаларды бекітіп, азаматтардың өзара қарым-қатынасының құқықтық негізін қалыптастырады. Әртүрлі көзқарастардың болуы – қоғамның табиғи ерекшелігі. Алайда кез келген пікір заң талаптары мен қоғамдық тәртіп шеңберінде білдірілуі тиіс. Өзгенің құқығын құрметтеу – демократиялық мәдениеттің маңызды белгісі. Жаңа Конституция қоғамдағы тұрақтылықты, азаматтардың құқықтарын және заң алдындағы жауапкершілікті нығайтуға бағытталған құқықтық негіз ретінде маңызды. Сондықтан Конституция нормаларын сақтау қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Әр азамат заңды құрметтеген сайын ортақ жауапкершілік пен сенім де күшейе түседі.

Алтынай СЕЙІТКЕН