Отбасындағы зорлық-зомбылықты жасыру мәселенің өздігінен шешілуіне кепілдік бермейді. Керісінше, дер кезінде көмек сұрамау жағдайдың күрделенуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан зардап шеккен адам өз қауіпсіздігін бірінші орынға қойғаны жөн. Туыстар мен жақындар да мұндай жағдайға немқұрайлы қарамауы керек. Құқықтық көмек пен тиісті қызметтердің мүмкіндіктерін білу маңызды. Әсіресе балалардың зорлыққа куә болуының өзі олардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Қоғамда зорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Әр шаңырақта сыйластық пен жауапкершілік үстемдік етуі тиіс.
Ерзат АСЫЛ