Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқықтық білім беру – елдің ұзақ мерзімді дамуына салынған маңызды инвестиция

Құқықтық білім беру – елдің ұзақ мерзімді дамуына салынған маңызды инвестиция

13 қаралым

Жастар – мемлекеттің әлеуметтік және қоғамдық дамуына тікелей әсер ететін маңызды күш. Сондықтан олардың Конституцияны білуі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын түсіндіру жас азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Құқықтық білім жастарды түрлі заңсыз әрекеттерден сақтандырудың тиімді құралдарының бірі. Сонымен қатар ол азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал етеді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында Конституциялық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер мен пікірталастардың маңызы зор. Жас адам заңды қаншалықты жақсы білсе, қоғамдық ортада өзін соншалықты жауапты ұстайды. Сондықтан құқықтық білім беру – елдің ұзақ мерзімді дамуына салынған маңызды инвестиция.

Ерзат АСЫЛ