Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқықтық сауат – қауіпсіздіктің негізі

Құқықтық сауат – қауіпсіздіктің негізі

16 қаралым

Ақтам ауылдық округінде тұрғындарға «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында «Құқық пен медиация» тақырыбында кездесу өтті. Жиында тұрғындарға интернет алаяқтығынан сақтану, күнделікті өмірде кездесетін түрлі даулы жағдайлардың алдын алу жолдары сөз болды.

Сонымен қатар «Hi-Tech» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында интернет алаяқтығының кең тараған түрлері туралы да кеңінен ақпарат берілді. Бейтаныс адамдардың қоңырауы мен күмәнді хабарламаларына сенбеу, жеке мәліметтерді бөгде адамға бермеу, белгісіз сілтемелерге өтпеу қажеттігі қатаң ескертілді ауыл азаматтарына.

Мұндай түсіндіру жұмыстарының мақсаты – тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырып, алаяқтардың арбауына түсудің алдын алу. Қауіпсіздікке немқұрайды қарамай, кез келген күмәнді жағдайға сақтықпен қарау – әр азаматтың өзіне де байланысты.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы