Қазіргі таңда есірткі қылмысына қатысты түрлі заңсыз ұсыныстар интернет арқылы да таралуы мүмкін. Жастар әлеуметтік желідегі күмәнді хабарламаларға ерекше сақтықпен қарауы қажет. Заңсыз әрекетке тарту адамның болашағына ауыр салдар әкелуі мүмкін. Сондықтан кез келген ұсыныстың заңдылығына күмән туған жағдайда оған араласпау керек. Ата-ана мен ұстаздар жастарға интернет қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізгені маңызды. Құқық қорғау органдары да есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастыруда. Азаматтар күмәнді жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлай алады. Заңды білу және жауапкершілікті сезіну – қауіптің алдын алудың маңызды жолы.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ