Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ «ЖЕТІДӘМ» КӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ «ЖЕТІДӘМ» КӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРДІ

23 қаралым

2025 жылғы бірінші лектің қорытындысы бойынша Алатау қаласының тұрғыны Нурпеисова Айсем Жанатовна «ЖетіДәм» бизнес-жобасын жүзеге асыру үшін 400 АЕК көлемінде, яғни 1 572 800 теңге мемлекеттік грант иегері атанды.

Аталған жоба көпбалалы отбасылар санаты бойынша қолдау тапты. Мемлекеттік грант Айсем Жанатовнаға өзінің кәсіпкерлік бастамасын жүзеге асырып, үй жағдайындағы өндірісті жолға қоюға мүмкіндік берді.

Бүгінде ол «ЖетіДәм» жеке кәсіпкерлігі арқылы кәсібін табысты жүргізіп келеді. Үй жағдайында халал өнімдер дайындап, оларды жақын маңдағы шағын аудандарда орналасқан дүкендерге ұсынады.

Көпбалалы ана отбасы қамқорлығы мен кәсіпкерлікті қатар алып жүріп, адал еңбектің арқасында өз ісін дамытуда. Сонымен бірге жергілікті тұрғындарды сұранысқа ие отандық өнімдермен қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Риза Саурбаева
Қоғамдық кеңестің төрағасы

↑