Перейти к содержимому

Мүлікке мұқият қарау қажет

20 қаралым

Үйдің есігі мен терезесін құлыптау сияқты қарапайым шаралар мүлікті қорғауға көмектеседі. Қарасай ауданындағы жеке үйлер мен аулаларда тұрғындар бағалы заттарын қараусыз қалдырмағаны жөн. Көліктің ішінде сөмке, телефон немесе басқа қымбат бұйымдарды қалдыру қауіпті. Үй ұзақ уақыт бос қалатын болса, бұл туралы көпшілікке жария етпеу керек. Құжаттар мен кілттерді бөгде адамдардан сақтау да маңызды. Ұқыптылық күтпеген шығынның алдын алуға мүмкіндік береді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ