Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

24 қаралым

Жуырда Ұйғыр аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары болды.

Іс-шара барысында мамандар Шонжы және Бахар ауылдарындағы бірқатар тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға иіс газы мен түтінді анықтайтын арнайы датчиктердің маңызын түсіндірді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тұрғын үйлерге иіс газы мен түтін датчиктерін орнатып, оларды дұрыс пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Сонымен қатар тұрғындарға жылыту маусымында пештер мен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және иіс газынан уланудың алдын алу бойынша қажетті ақпараттар берді.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт пен иіс газынан уланудың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы