Жамбыл ауданының Ақтерек ауылындағы орта мектепте «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Онда Ақтерек өрт сөндіру бекетінің мамандары оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді. Шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өрттің алдын алу, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған сақтық шараларын түсіндіру.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! Қауіпсіз мектеп – жарқын болашақ кепілі!
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы