Отбасындағы тыныштық пен өзара сыйластық қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі саналады. Алкогольді шамадан тыс пайдалану кей жағдайда отбасылық жанжалдардың күшеюіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан ішімдіктің алдын алу отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларымен де тығыз байланысты. Әрбір азамат жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы керек. Мәселе туындаған жағдайда оны жасырмай, тиісті мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Қоғамда көмек сұрау әлсіздік емес, қауіпсіздікке жасалған жауапты қадам ретінде қабылдануы қажет. Балалардың тыныш ортада тәрбиеленуі ерекше маңызға ие. Отбасы берік болса, қоғам да тұрақты болады.
Ерзат АСЫЛ