Перейти к содержимому

Сақтық қауіптің алдын алады

29 қаралым

Есірткіге қатысты қауіп кейде адамның өзіне байқалмайтын жолдармен жақындауы мүмкін. Сондықтан жастардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Күмәнді адамдардың ұсыныстарына сенуге және заңсыз әрекеттерге араласуға болмайды. Әлеуметтік желілердегі белгісіз парақшалардан келетін хабарламаларға да мұқият болған жөн. Ата-аналар баласының көңіл күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамағаны дұрыс. Қиын жағдай туындаса, сенімді ересек адамнан немесе мамандардан көмек сұрау қажет. Ең бастысы – мәселені жасырып қалмай, дер кезінде әрекет ету. Сақтық пен жауапкершілік есірткі қылмысының алдын алуға көмектеседі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ