Перейти к содержимому

Салауатты өмір – дұрыс таңдау

21 қаралым

Ішімдікке әуестік адамның денсаулығына ғана емес, отбасына және қоғамға да кері әсер етеді. Алкогольді шамадан тыс тұтыну түрлі құқық бұзушылықтар мен жанжалдардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ішімдіктің алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыста отбасы, мектеп, еңбек ұжымы және мемлекеттік органдардың бірлескен әрекеті қажет. Жастарға салауатты өмір салтының артықшылықтарын түсіндірудің маңызы зор. Әр адам өз денсаулығы мен жақындарының тыныштығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Алтынай СЕЙІТКЕН