Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Салауатты өмір – қауіпсіз қоғамның негізі

Салауатты өмір – қауіпсіз қоғамның негізі

15 қаралым

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Ішімдікке әуестік адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасылық және әлеуметтік жағдайына да кері әсер етуі мүмкін. Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Сондықтан алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау тұрақты жүргізілуі қажет. Спортпен айналысу, пайдалы орта қалыптастыру және бос уақытты тиімді өткізу теріс әдеттерден алшақ болуға ықпал етеді. Заң мен тәртіп орныққан қоғам салауатты ұрпақ тәрбиесінен басталады.

Ерзат АСЫЛ