Әр адамның өмір салты оның өз таңдауына байланысты. Салауатты әдеттерді қалыптастыру денсаулықты сақтаумен қатар, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Алкогольден бас тарту немесе оны тұтынуға жауапкершілікпен қарау отбасылық ортаға да оң ықпал етеді. Балалар үлкендердің іс-әрекетінен үлгі алатынын ұмытпау керек. Сондықтан ата-ананың жеке үлгісі тәрбиеде маңызды орын алады. Қоғамда спортпен айналысу мен белсенді өмір салтын насихаттау қажет. Пайдалы орта адамды жақсы әдеттерге жетелейді. Салауатты таңдау – қауіпсіз болашаққа бастайтын дұрыс қадам.
Ерзат АСЫЛ