Саймасай ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін белгіленген уақытта сату талаптарын түсіндіру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейдке Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы ҚҚБ ювеналды полиция тобының қатардағы полиция қызметкері А.Амаров, учаскелік полиция қызметкері, полиция лейтенанты И.Бауыржанұлы және әкім аппаратының бас маманы А.Кенжеханова қатысты.
Іс-шара барысында ауылдық округ аумағындағы қоғамдық орындар, жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын орындар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері назарға алынды.
Сауда орындарының қызметкерлеріне алкоголь өнімдерін сату кезінде қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау, оның ішінде кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу және белгіленген уақыт талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тұрғындар мен жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдерге заң талаптары түсіндіріліп, олардың қауіпсіздігіне ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі ескертілді.
Осындай профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіпті нығайту, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Еңбекшіқазақ ауданы