Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Заң мен тәртіп»: Алатау қаласында алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы тексерілді

«Заң мен тәртіп»: Алатау қаласында алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы тексерілді

16 қаралым

Алатау қаласының Заречный ықшамауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Алатау қаласы әкімдігі және полиция қызметкерлері бірлесіп қатысты. Рейдтің негізгі мақсаты – сауда орындарында алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеу, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу. Рейд барысында әкімдіктің өкілдері аталмыш ықшамауданда орналасқан бірқатар сауда орындарын аралап, кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату тәртібін түсіндірді. Сауда нысандарының өкілдеріне заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде ескертулер беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда Алатау қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақжігітов Ардагер Өркенұлы рейдтің маңыздылығына тоқталды.

– Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүргізіліп жатқан рейдтердің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерді жазалау емес, ең алдымен заң талаптарын түсіндіру және құқықбұзушылықтың алдын алу. Әсіресе алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеу – қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын сақтаудың маңызды тетіктерінің бірі. Заң талаптарын сақтау – әрбір кәсіпкердің жауапкершілігі, ал тәртіпті сақтау – бүкіл қоғамның ортақ мәдениеті. Осы бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады», – деді. «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызды негізі. Осы бағыттағы рейдтік және түсіндіру іс-шаралары қала аумағында тұрақты түрде жалғасын табады.

Риза САНАҚҚЫЗЫ,

қоғамдық кеңестің төрағасы

Алатау қаласы