Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заң мен тәртіп – Райымбек ауданының тұрақты дамуының кепілі

Заң мен тәртіп – Райымбек ауданының тұрақты дамуының кепілі

25 қаралым

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – кез келген өңірдің дамуының басты негізі. Бұл қағида Райымбек ауданы үшін де аса маңызды. Аудан тұрғындарының тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің сақталуы, азаматтардың құқықтарының қорғалуы және заң талаптарының орындалуы – ел бірлігі мен берекесінің кепілі.

Бүгінде Райымбек ауданында заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға баса мән беріп келеді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқан азаматтарды Алғыс хатпен, Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен ынталандыру тетіктері де қарастырылған. Бұл тұрғындардың қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысуына мүмкіндік береді.


Ақерке БИЖАН
Райымбек ауданы