Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ

22 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайту мақсатында Алатау қаласының прокуратурасы мен әкімдігінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында жастардың ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тартылуына ықпал ететін факторларды анықтау және этносаралық қайшылықтарды құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар уақтылы шаралар қабылданбаған жағдайда неғұрлым ауыр құқықбұзушылықтарға ұласуы мүмкін тұрмыстық және әлеуметтік жанжалдардың ушығуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қарастырылды.

Этномәдени бірлестіктермен, қоғам өкілдерімен және жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше көңіл бөлінді. Мұндай өзара іс-қимылдың негізгі мақсаты — проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтау, оларды құқықтық шеңберде шешу және жанжалдық көңіл-күйдің таралуына жол бермеу.

Бірлескен шараларды жүзеге асыру ұйымдасқан қылмысқа тартылған адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесуге ғана емес, сондай-ақ жанжалдық жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен этносаралық келісімді нығайту — мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар Алатау қаласында алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ардагер АҚЖІГІТОВ,

ішкі саясат бөлімінің басшысы

Алатау қаласы