Перейти к содержимому

Заңға бағыну – әлсіздік емес

9 қаралым

Кейде Заң талаптарын орындауды шектеу немесе еркіндікті тарылту деп қабылдайтын түсінік кездеседі. Алайда, Заң адамның еркіндігін шектейтін ғана құрал емес, керісінше, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын негізгі кепіл.

Бір адамның еркіндігі екінші адамның құқығына зиян келтірмеуі тиіс.

Мәселен, қоғамдық орында өз қалауыңша әрекет етуге болады, бірақ ол басқа адамның тыныштығын бұзбауы керек. Жеке пікіріңді айтуға құқығың бар, бірақ өзгенің ар-намысына тіл тигізуге болмайды. Кәсіппен айналысуға еркің бар, бірақ Заң талаптарын бұзбауың қажет.

Міне, заң мен еркіндіктің өзара байланысы осында.

Заңға бағыну әлсіздік емес. Керісінше, ол адамның азаматтық кемелдігін, қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы