Қоғам үнемі өзгеріп, жаңа талаптар мен міндеттер қалыптасып отырады. Осындай жағдайда мемлекеттің негізгі құқықтық құжаты да заман талабына сай болуы маңызды. Жаңа Конституция елдегі қоғамдық қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады. Оның нормалары азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін де айқындайды. Конституциялық өзгерістердің мәнін түсіну үшін оның негізгі қағидаларын кеңінен түсіндіру қажет. Бұл бағыттағы ақпараттық және құқықтық жұмыстар халықтың саяси-құқықтық сауатын арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жастардың Конституция нормаларын білуі олардың азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді. Ата Заңды білу – өз құқығыңды ғана емес, қоғам алдындағы міндетіңді де түсіну.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ