Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Жас сақшы» – тәртіпке бастар алғашқы қадам

«Жас сақшы» – тәртіпке бастар алғашқы қадам

16 қаралым

Ұйғыр ауданының полиция бөліміне «Жас сақшы» сыныбының оқушылары арнайы экскурсиямен келді. Танымдық шара барысында жасөспірімдер полиция қызметінің күнделікті тынысымен танысып, тәртіп сақшыларының жұмысы жайында мағлұмат алды.

Оқушылар қызметтік бөлмелерді аралап, полиция мамандарының атқаратын міндеттері мен жауапкершілігі туралы әңгіме тыңдады. Қызығушылық танытқан жас сақшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандықтың қыр-сырына қанықты.

Мұндай кездесулердің бала үшін тәрбиелік мәні зор. Себебі құқық пен тәртіп туралы түсінік кітаптан оқып қана қоймай, оны күнделікті қызметпен танысу арқылы да қалыптасады. Осыны терең түсінген полиция қызметкерлері де «Жас сақшылардың» қызығушылығын арттыру үшін жұмыстың қыр-сырымен жіті таныстырды. Олардың Отан қорғауға деген қызығушылығын да арттыруға тырысты.

Заңды құрметтеу – тәртіпті сақтаудан басталады. Ал бүгінгі «Жас сақшы» – ертеңгі ел тыныштығына қызмет ететін азамат.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы