Жасөспірімнің қоршаған ортасы оның мінезі мен көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан балаларға дұрыс бағыт беруде отбасы мен мектептің жауапкершілігі жоғары. Есірткінің зияны туралы ақпарат жасырмай, түсінікті тілмен жеткізілуі керек. Баланың бос уақытын пайдалы ұйымдастыру да алдын алу жұмысының бір бөлігі. Спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер және қоғамдық бастамалар жастарды белсенділікке шақырады. Сонымен қатар заң талаптарын білу әр жас азамат үшін маңызды. Кез келген заңсыз ұсыныстан бас тартып, қауіп туралы ересектерге айту қажет. Дұрыс тәрбие – есірткісіз қоғам қалыптастырудың негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ