Перейти к содержимому

Жастар жемқорлыққа қарсы

23 қаралым

Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл – қоғамның әр мүшесіне ортақ жауапкершілік. Әсіресе, елдің ертеңін қалыптастыратын жастардың бұл мәселеге деген көзқарасы маңызды.

Осы бағытта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу өтті. Жиын барысында жастарға адалдық пен әділдік, парасаттылық пен заңға құрметтің қоғам өміріндегі орны түсіндірілді.

Кездесуде жемқорлықтың жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамның дамуына кері әсер ететіні сөз болып, оның алдын алуда әр азаматтың ұстанымы маңызды екені айтылды. Адал еңбекпен жетістікке жету, заң талаптарын сақтау және жауапкершілікті сезіну – жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың басты негіздерінің бірі екені атап өтілді.

Жастардың бойына осындай құндылықтарды сіңіру – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Себебі адалдықты өмірлік ұстаным еткен ұрпақ қалыптасқан жерде жемқорлыққа орын да тарылмақ.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы