Жол-көлік оқиғаларының алдын алуда көлік жүргізу мәдениетінің маңызы зор. Әсіресе рұқсат етілген жылдамдықты арттырмау жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жүргізуші ауа райы мен жол жағдайын да ескеруі тиіс. Асығыстықтың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Көлік тізгіндеген адам шаршаған немесе мас күйде жолға шықпауы қажет. Жолға шыққан әр азаматтың басты мақсаты – діттеген жеріне аман жету.