Отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік үйдегі ахуалға тікелей ықпал етеді.
Дау туындаған кезде мәселені күш қолданбай, сабырмен шешуге ұмтылған жөн.
Зорлық-зомбылықты жасыру жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін.
Қысымға ұшыраған адам көмек сұраудан қорықпауы керек.
Жақындарының мінез-құлқындағы күрт өзгерістерге немқұрайлы қарамау маңызды.
Әсіресе балалардың отбасындағы жағдайды ауыр қабылдайтынын ескерген жөн.
Құқықтық және психологиялық көмек көрсететін мамандарға жүгінуге болады.
Көмек сұраған адамды кінәламай, оның жанынан табылу қажет.
Әр шаңырақта бір-бірінің пікірін тыңдау мәдениеті қалыптасса, жанжал да азаяды.
Отбасындағы қауіпсіз орта өзара құрметтен басталады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ