Перейти к содержимому

АЛАЯҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

109 қаралым

Ұйғыр ауданының полиция қызметкерлері тұрғындар арасында интернеттегі алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық жұмыстар барысында алаяқтардың азаматтарды алдап, сеніміне кіру арқылы ақшасы мен жеке деректерін иемденуге тырысатыны айтылды. Әсіресе өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, SMS-код, банк картасының деректері немесе құпиясөздерді сұрайтын қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігін түсіндірді.

Полиция қызметкерлері банк қызметкерлерінің телефон арқылы SMS немесе PIN-кодтарды, сондай-ақ банк қосымшасының құпиясөзін ешқашан сұрамайтынын қадап айтты әр тұрғынға. Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда асығыс шешім қабылдамай, ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажеттігін де ескертті.

Интернеттегі қауіптен сақтанудың ең тиімді жолы – бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу және күмәнді ұсыныстарға сенбеу. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығы мен сақтығы алаяқтықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑