Қазіргі қоғамда цифрлық технологияларды меңгеру күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алматы облысының тұрғындары электронды қызметтерді пайдалану, онлайн төлем жасау және қажетті ақпаратты интернеттен іздеу мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарының дамуы азаматтарға ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін ұсынып отыр. Дегенмен цифрлық мүмкіндіктермен бірге интернет алаяқтығы, жалған ақпарат және жеке деректердің таралуы сияқты қауіптер де бар. Сондықтан тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру – маңызды міндет. Әсіресе жастар мен аға буын өкілдеріне қауіпсіз интернетті пайдалану ережелерін түсіндіру қажет. Саналы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Алматы облысында цифрлық мәдениетті дамыту өңірдің заманауи әрі бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.
Ерзат АСЫЛ
