Перейти к содержимому

Практикалық мәселелер талқыланды

28 қаралым

Алматы облысының Қарасай ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Әкімшілік құқықбұзушылық істерді рәсімдеу және оларды сотқа жолдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Қарасай ауданы прокуратурасының Қарасай ауданаралық мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының, сондай-ақ Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс әрі сапалы рәсімдеу, оларды сотқа уақтылы жолдау тәртібі, сондай-ақ әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын практикалық мәселелер талқыланды.

Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

↑