Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысындағы «Сегмент Энерго Казахстан» ЖШС өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие

Алматы облысындағы «Сегмент Энерго Казахстан» ЖШС өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие

143 қаралым

Аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпорындардың бірі – «Сегмент Энерго Казахстан» ЖШС. Кәсіпорынның өнімдері мемлекеттік және коммерциялық жобаларда сұранысқа ие және өнеркәсіптік автоматтандыру, энергиямен жабдықтау, телекоммуникация, күзет және өрт дабылы жүйелері, сондай-ақ мұнай-газ, энергетика, химия өнеркәсібі және кеме жасау салаларында қолданылады. Бүгінгі 39 адам тұрақты жұмыспен қамтылған кәсіпорында жылына 3 700 000 метр кабель құбырлары өндіріледі. Қазір компания өндірісті дамытуды, қуатын кеңейтуді және тиімділігін арттыруды жалғастыруда.

«Біз кабель құбырларын Оңтүстік Корея технологиясының көмегімен өндіреміз. Өнімдеріміз халықаралық стандарттарға сай және түрлі қысымдарға төзімді. Біз алғаш өнімдерімізді Германия, Бельгия, Ұлыбритания сынды Еуорпа елдері мен Гана, Нигерия Африка елдеріне, Малайзия және Орта Азияға саудалай бастадық. Бүгінде өнімдеріміз Ұлыбританияда салынып жатқан атом электр стансасына пайдаланылуда. Елімізде салынатын АЭС құрылысына байланысты өнімдерімізге сұраныс артса екен деген ойдамыз. Өйткені бұл қаржы үнемдеу мен отандық өндірісті қолдауға зор мүмкіндік береді. Қазір бізге ел ішінен тапсырыстар келе бастады. Айталық Астана мен Алматыдағы және басқа өңірлердегі бірқатар тұрғын үй кешендерін салып жатқан компаниялар біздің өнімді сатып алды. «Даму» қоры арқылы бізге 390 млн теңге кепілденірілген несие берілді. Ол қаржыға өндіріс қуаттын арттыруға қажетті техникалар алдық. Өніріске қажетті шикізат Ресей мен Қытайдан әкелінеді. Бүгінде кабель құбырларының 50-ден астам түрін өндіреміз», – деді кәсіпорының өндіріс барысын таныстырған компания өкілі Смет Көшербаев.

Суреттерді түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

Ерзат АСЫЛ

↑