Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ата Заң – адам құқықтарының берік кепілі

Ата Заң – адам құқықтарының берік кепілі

56 қаралым
жаңа конституция

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең жоғары құндылығы. Жаңа Конституцияда осы ұстаным мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Әр азаматтың құқығын құрметтеу әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты саналады. Адамдар өз құқықтарының қорғалуына сенген кезде қоғамдық келісім мен өзара сенім де нығая түседі. Сонымен қатар әркім өзгенің құқығын бұзбауға және заң талаптарын сақтауға міндетті. Құқықтық мәселелер туындағанда оларды заңды тәсілдермен шешуге ұмтылған жөн. Конституцияның мазмұнын түсіндіру азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп, жауапкершілігін арттырады. Ата Заңды құрметтеу – адам қадір-қасиетін және қоғамдағы әділеттілікті бағалау.

Ерзат АСЫЛ

↑