Ауыл тұрғындарының денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді бірлесіп шешу маңызды. Ішімдіктің алдын алу бағытында жергілікті қауымдастықтың, білім беру ұйымдарының және медицина мамандарының өзара іс-қимылы қажет. Ауыл жастарына арналған спорттық жарыстар мен мәдени шаралар пайдалы әдеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Тұрғындар арасында салауатты өмір салты туралы ақпарат тарату да оң нәтиже беруге мүмкіндік береді. Қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсетіп, қажет жағдайда мамандарға жүгінуге бағыттау керек. Әр отбасының жауапкершілігі мен қоғамның белсенділігі алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттырады. Салауатты ауыл – берекелі тіршілік пен қауіпсіз болашақтың негізі.
Ерзат АСЫЛ
