Баланың отбасында өзін қауіпсіз сезінуі оның тұлға болып қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Үйдегі тұрақты жанжал мен күш көрсету баланың мінез-құлқына, оқуына және психологиялық дамуына кері әсер етуі ықтимал. Сондықтан ата-аналар бала тәрбиесінде сабырлық пен жауапкершілікті басты орынға қоюы қажет. Балаларға өз құқықтарын түсіндіріп, қауіп төнген жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын үйреткен дұрыс. Мұғалімдер, психологтер және әлеуметтік қызметкерлер де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысуы тиіс. Егер балаға қатысты зорлық-зомбылық белгілері байқалса, жағдайды назардан тыс қалдырмай, тиісті мамандарға жүгіну керек. Өскелең ұрпақтың құқығын қорғау – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Ерзат АСЫЛ
